Мектеп тарихы » Ескелді ауданы
Алматы облысы
Ескелді ауданы білім бөлімінің
"Ақтасты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2017

Мектеп тарихы

Алматы облысы, Ескелді ауданы «Мектепке дейінгі шағын орталықты Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 1975 жылы құрылды. Мемлекеттік мекеме құрылтайшысы және меншік иесі Алматы облысы, Ескелді ауданының Әкімдігі болып табылады. 1975 жылдан бастап  Талдықорған  облысы Қапал ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп болып аталды. 1975 жылдан  2014 жыл аралықтарында осы мектепте төмендегі ұстаздар басшылық етті


 


 

1975 – 1979 жылдар аралығында Чугунова Нина Алексеевна

Чугунова Нина Алексеевна бұл ғимарат салынғанға дейін де осы аталған мектепте бірнеше жыл бойы еңбек еткен.

1979 – 1984 жылдар аралығында Калачева Зинаида Петровна

Калачева Зинаида Петровна  өзінің мұғалімдік еңбек өтілін 1946 жылдан орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі болып  бастады. Бұл мектепте  26 жылдан астам еңбек етті.  

1984 – 1987 жылдар аралығында Болтовская Зинаида Александровна

Болтовская Зинаида Александровна бұл мектепте математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп бастап, 20 жылдан астам жұмыс істеген.

1987 – 1990 жылдар мен 1992 – 1998 жылдар аралығында  Саурықбаев Ғазиз Саурықбаевич

Саурықбаев Ғазиз Саурықбаевич бұл мектепте 1971 жылдан тарих пәнінің мұғалімі болып, бастады. 30 жыл еңбек еткен мектепте Саурықбаев Ғазиз Саурықбаевичтің сіңірген еңбегі өте мол.

1990- 1992 жылдар аралығында Метель Элвира Семеновна

Метель Элвира Семеновна бұл мектепте 1971 жылдан орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі болып  бастады. Бұл мектепте  21 жыл еңбек етті. 

1998 – 2000 жылдар аралығында Тугушева Зайгүл Амирбековна

Тугушева Зайгүл Амирбековна бұл мектепте 2 жыл мектеп директоры болып еңбек етіп,

2000 жылы өмірден қайтты. Осы екі жыл аралығында мектепке сіңірген еңбегі аз болған жоқ.

2000 – 2001 жылдар аралығанда Абайделданов Кебек Мухамедкалиевич

Абайделданов Кебек Мухамедкалиевич 1997 жылдан бастап, 2013 жылға дейін жұмысын жалғастырып , зейнеткерлікке шықты. Бұл мектепте 15 жыл тарих пәнінің мұғалімі болды.

2001 – 2014 жылдарда Бөгенбаев Мәлік Аумханұлы жалғастыруда

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті бітіріп, еңбек жолдарын  осы мектепте жалғастырған мұғалімдер:

1976 жылғы түлегі Кенесаринова Ғалия Тұмақбайқызы осы мектепте 36 жылдан астам орыс тілі пәнің мұғалімі болып еңбек сіңіруде.

1978 жылғы түлектері Садвакасова Алия Рамазановна 35 жылдан астам орыс тілі пәнәнің мұғалімі, Ақтанбаев Бейбіт Абдрахманович 29 жылдан астам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Абдрахманова  (Карипова) Сағат Тұрсыновна 27 жылдан астам орыс тілі пәнінің мұғалімі, қазіргі күнде психолог болып еңбек етуде.

1981 жылғы түлектері Гудаковская (Забалуева) Людмила Михайловна28 жылдан астам математика пәнінің мғалімі, Көкешбаева Марина Лиановна 23 жылдан астам математика пәнінің мғалімі, қазіргі күде директордың әдістеме жөніндегі орынбасары болып еңбек етеді.

1983 жылғы түлегі Секенова Гүлнара Құмарбековна 4 жылдан астам еңбек сіңіруде.

1988 жылғы түлегі Ескендирова Қарлыға Бақанбаевна астам математика пәнінің мғалімі болып жұмысын жалғастыруда

1989 жылғы түлегі Михайленко Светлана Павловна еңбек пәнінің, қазгі күнде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді.

1990 жылғы түлегі Ибрагимова Ғалия Ермекбаевна география пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.

1991 жылғы түлегі Жантасова(Тоқтарбаева) Динара Латаевна химия және биология пәнінің мұғалімі, қазіргі күнде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмысын жалғастыруда.

1992 жылғы түлегі Ақмолдаева Құндыз Ұзақбаевна математика пәнінің мұғалімі, сонымен бірге мектепте бірнеше жыл кәсіподақ төрайымы болып жұмысын жасауда

1993 жылғы түлегі Васильева Ольга Юриевна бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасауда.

1994 жылғы түлегі Хусаинов Ғалымжан Әділжанұлы дене шынықтыру пәнінң мұғалімі

2000 жылғы түлегі Китапбаева жадыра Дүйсенбекқызы психолог, өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

2003 жылғы түлегі Акимжанова Гүлнәз Ержанқызы бастауыш сынып мұғалімі

2005 жылғы түлегі Жакупбеков Ербол Ерғизатұлы дене шынықтыру пәнінң мұғалімі

2006 жылғы түлектері Мысырбекова Жадыра Мейірқызы тарих пәнінің мұғалімі, Отан Мұсқап дене шынықтыру пәнінң мұғалімі

2007 жылғы түлектері Еркебаев Жайық Наурызбайұлы информатика пәнінің мұғалімі, Жеңіс Баян ән – күй пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуде.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив