Директор сөзі » Ескелді ауданы
Алматы облысы
Ескелді ауданы білім бөлімінің
"Ақтасты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директор сөзі
11
май
2017

Директор сөзі

 


Шынарбек Қасымұлы Бозов
 
Бүгінгі мектеп қандай болу керек
     Бүгінгі Қазақстандағы білім беру ісіне, мұғалімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге деген жаңа көзқарастар пайда болды.  Білім беру ісіне жаңа көзқараспен қарау мектепке жаңа көзқараспен қарау деген сөз. Қай заманда болмасын шығыс әлемінде білімге деген талап пен талғамның ерекше болғанын жоққа шығармау керек
       Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып  әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек.
       Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Ол бейне адам мәнерлейтін зауыт сияқты. Болашақтың саналы, сапалы адамдарын қолдан жасап, қоладан құйып алуға болмайды.
         Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Болашақтағы мектеп – бұл  мәдениеттің, білім мен тәрбиенің ошағы, жан – дүниеңді, эстетикалық талғам мен интеллектуалдық дамытудың, оқушының сана – сезімін жаңа денгейге тез жеткізу үшін мүмкіндік жасайтын үздіксіз білім берудің кешенді орталығы. Мектеп – жан -жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді өмір мектебі. Болашақ мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу. Шығыстың бір ғұламасы: "Ғалым болу оңай, адам болу қиын” – деген екен. Бұл сөздің тұңғиық көк иірімі талайларды батырып ала жөнелетіні анық. Нағыз адам болудың мынадай шарттары бар:  жан сұлулығы , мінез байлығы, көңіл дарқандығы , жүрек сезімталдығы, пейіл адалдығы, пиғыл тазалығы болмақ.
        Өткенге көз жүгіртсек біздің халқымызда түрме деген  болған емес қой. Данагөй халқымыз үлкеннің ұлағатты сөзі арқылы-ақ тәрбие мен білім бере білген. Яғни,  ұлттық тәлім-тәрбие жүйесін бүгінгі заман талаптарына сай бейімдеу қажет. Әрине, ұттық шеңберде тоқталып қалмай, әлемдік педогогикалық асыл қазыналары да мектептің қайнар көзі болуы керек. Сонымен қатар, мұғалімдер - әр ғылым саласынан терең түсініктері болуы шарт. Жүрегі таза, пәк, шынайылық пен ізгіліктің нұры шамшырақтай жанған, жаутаңдаған жанарлары тұңғиық сырға толы кішкентай, бірақ үлкен жүректі жандардың қасынан үнемі табылатын ұстаздар емес пе? Ахмет Байтұрсынов былай деген екен: «Мұғалім қандай болса, мектеп hәм сондай ақ болмақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика – методикадан хабардар, жақсы оқытан білетін мұғалім». Осы орайда мұғалімге қойылатын талаптар да өте зор. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет; мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулуға міндетті; мұғалім педагогикалық қарым –қатынаста қызмет ететін тұлға болу керек; педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі  Жубер айтқандай « оқыту деген екі есе оқу». Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп, меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.
        Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе ойымды былай түйіндегім келеді: кешегі, бүгінгі, ертеңгі, бір сөзбен айтқанда, қай кездегі болмасын мектептің көздеген басты нысаны – жан-жақты жетілген, білімді , саналы, еліне, жұртына адал қызмет ете алатын өрелі ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, қашан да көк байрағымыз желбіреп, тәуелсіздігін алған Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтатып, мемлекеттік тіліміздің қадір-қасиетін ұғынып, үйренетін қазақстандық толыққанды азамат бейнесін қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын. Бүгінгі мектеп – бұл көңіліңе тек қуаныш сыйлайтын, бар мүмкіндік жасалған, жаңашыл мектеп.

Похожие публикации:

18 апрель 2017 мектеп ұжымы
27 апрель 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив